«Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 2 тамыздағы № 266 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 167 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34383 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы саласында табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде жеке және заңды тұлғаларға келтірілген залалды өтеу қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған кезде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның,облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, ішкі істер органының (келісім бойынша), қоғамдық ұйымдардың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен жергілікті қоғамдастық өкілдері қатарынан комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны жеті адамнан кем емес тақ санды құрайды.
Өлген ауыл шаруашылығы жануарларының залалын өтеу құнының мөлшерін анықтауды комиссия жүзеге асырады.»;
24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: