Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 6 қаңтардағы
№ 2 бұйрығына
5 қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 27 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жылу электр станцияларының су дайындайтын қондырғыларының технологиялық
мұқтаждықтарына арналған жылу шығысының нормаларын есептеу
әдістемесі
1 бөлім. Жалпы ережелер
1. Жылу электр станцияларының су дайындайтын қондырғыларының технологиялық мұқтаждықтарына арналған жылу шығысының нормаларын есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Аталмыш Әдістемеде келесі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) суды алдын-ала тазалау - судағы өлшенген және органикалық заттардың құрамын төмендету немесе жою, коагуляциялау, тыңайту, тұндыру жолымен бос көмір қышқылдарын, магнийді, бикарбонат иондарын және кремний қышқылын толықтай жою және шөккен тұнбаны сүзгіден өткізу;
2) су дайындайтын қондырғылардың (бұдан әрі - СДҚ) иондық бөлігі - ион алмасу, сіңіру, мөлдірлендіру жолымен суды өндірістік тазарту жабдығы;
3) натрий катиондау - суды жұмсарту тәсілі;
4) сульфокөмір -жартылай функционалды күшті қышқылды катионның құрамында электролит иондарымен алмасуға қабілетті, ион генді топтар ретіндегі сульфат топтары болады.
2 бөлім. Қолданылу саласы.
3. Жылу электр станцияларының СДҚ технологиялық қажеттілігіне мөлшерлі және нақты жылу шығынын анықтау үшін пайдалану процесінде технологиялық қажеттілікке жылу шығындарынығ мөлшерлерін ішкі бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.
4. Энергетикалық қазандықтар мен жылу желілеріне қосымша су дайындау кезінде көбіне бастапқы (шикі) суды ысыту талап етіледі. СДҚ-да ысытылған және өңделген судың негізгі үлесі турбиналық цехқа бағытталады және осы судың жылуы электр станциясының циклінде пайдаланылады. Судың бір бөлігі СДҚ-ның мұқтаждықтарына шығындалады және қайтарымсыз жоғалады.