«Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № А-7/280 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № А-12/678 Қаулысымен күші жойылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қазандағы № А-11/489 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген, 2017 жылғы 24 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесіндегі:
«Аршалы ауданы» бөлімінде:
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 48, 49, 50-жолдармен толықтырылсын:
«
| 48 | Есіл өзенінің ескі арнасы (Александровка ауылы) | 3,2 километр |
| 49 | Мөлдір көлі | 3 |
| 50 | Әлихан бөгеті | 6,7 |
»;
«Барлығы: 47» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 50» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын;
«13005 гектар 3 километр» цифрлары мен сөздері «13014,7 гектар, 6,2 километр» цифрлары мен сөздеріне ауыстырылсын;
«Астрахан ауданы» бөлімінде:
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14-жолдармен толықтырылсын:
«
| 11 | Қаз-Қоскөл 1,2 көлі | 232,3 |
| 12 | Толқынкөл көлі | 100 |
| 13 | Үштоған көлі | 80 |
| 14 | Шыражантүбек ескі арнасы | 1,2 |
»;
«Барлығы: 10» сөзі мен цифрлары «Барлығы: 14» сөзі мен цифрларына ауыстырылсын;
«2910» цифрлары «3323,5» цифрларына ауыстырылсын;
«Бурабай ауданы» бөлімінде:
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 41, 42, 43, 44, 45, 46-жолдармен толықтырылсын:
«
| 41 | Балықты көлі | 500 |
| 42 | Қылшақты өзеніндегі көпірден бастап Кенесары бөгетіне дейін | 8 километр |
| 43 | Қаражан көлі | 10 |
| 44 | Жарағаш көлі | 8 |
| 45 | Қояндыкөл (Турское) көлі | 300 |
| 46 | Вишневая тоғаны | 4 |
»;