«Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік жағдайларында есептеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 546 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 151 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін Ішкі әскерлер, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы әскери қызметшілерінің және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек сіңірген жылдарын жеңілдік жағдайларында есептеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 925 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12432 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидалары 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»:
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: