«Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 217-НҚ және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 926 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпаратты, сондай-ақ ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларында:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: