ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018.22.06. № 266 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.28.03. № 118 бұйрығымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 1 қазандағы
№ 15-05/873 бұйрығына
1-қосымша
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 291 бұйрығымен күші жойылды
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының
аумағында тасуға карантиндік сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.11.10. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) электрондық құжат нысанында карантиндік сертификат беру;
2) «Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12033 болып тіркелген) бекітілген «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша электрондық құжат нысандағы мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту болып табылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық.