Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖЫЛЖЫМАЛЫ МҮЛІК КЕПІЛІНІҢ ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ БЕРУ» ...

Информация о документе
Датапятница, 5 января 2018
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 5 января 2018

Осы редакция 2018 жылғы 23 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Әділет Министрінің 2016.27.01. № 41 бұйрығымен мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2015 жылғы 28 сәуірдегі

№ 246 бұйрығына 6-қосымша

 

 

«Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру»

 мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

(2018.05.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) Мемлекеттік корпорация арқылы;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға және порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - мемлекеттік ақпараттық жүйеде мәліметтер болған кезде 20 (жиырма) минут ішінде.

Мемлекеттік ақпараттық жүйеде деректер болмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттік корпорацида бір жұмыс күніне дейін ұзартылады (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанда дейін бір күн қалғанда береді).

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат берiлетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом