Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 тамыздағы № 363 Қаулысы
Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 514 «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақта:
1) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«1) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаумен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес Қостанай облысының аумағында мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмекті ұйымдастырады;»;
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
«3) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялаумен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етеді;»;
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын: