Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 31 қазандағы № А-11/521 Қаулысы
Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № А-2/82 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А. Е. Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | Е. Маржикпаев |
Ақмола облысы әкімдігінің
2019 жылғы 31 қазандағы
№ А-11/521 қаулысымен
бекітілген
Ақмола облысы әкімдігінің өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының
тізбесі
1. «Арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № А-6/265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4877 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.