Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы авиациялық іздестіру және құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы
КЕЛІСІМ
(Бішкек, 2022 жылғы 26 мамырда)
ҚР 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 76-VIII Заңымен ратификацияланды
2024 ж. 2 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның (бұдан әрі - Конвенция) қатысушылары болып табылатынын назарға ала отырып,
шектес мемлекеттердің авиациялық іздестіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықка қатысты Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттары мен ұсынылатын практикасын ескере отырып,
апатқа ұшырау жағдайындағы адамдар үшін жылдам көмектің өмірлік маңызды мәнін сезіне отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісімнің мақсаттары үшін Конвенцияға «Іздестіру және құтқару» деген 12-қосымшаның 1-тарауында қамтылған терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ Конвенцияға «Әуе қозғалысына қызмет көрсету» деген 11-қосымшаның 1-тарауында көрсетілген мағынасы бар «ұшу ақпараты ауданы» термині қолданылады.
2-бап
Авиациялық іздестіру-құтқару операцияларын ұйымдастыру мен орындауды Тараптар осы Келісімге сәйкес жүзеге асырады. Авиациялық операцияларды ұйымдастыру мен орындау үшін негіз ретінде Конвенцияға «Іздестіру және құтқару» деген 12-қосымша қолданылады.
3-бап
1. Тараптар өз мемлекеттерінің шектес аумақтары мен іргелес ұшу ақпараты аудандары арасындағы шекараны өздерінің іздестіру және құтқару аудандары арасындағы шекара деп қарайды.
2. Әрбір Тарап өзінің іздестіру және құтқару ауданында авиациялық іздестіру-құтқару қызметтерінің болуын қамтамасыз етеді. Мұндай қызметтер тәулік бойы кезекшілікті жүзеге асырады және өзара байланыста болады.
3. Осы Келісімді іске асыруға жауапты құзыретті органдар: