«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 803 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. «Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тамақтандыру және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығына (бұдан әрі - заттай нормалар) сәйкес сотталғандар киім-кешек мүлкімен, кереуетпен және төсек жабдықтарымен қамтамасыз етіледі.
Жатын үй-жайында көзге көрінетін жерде сотталғандардың жатын орындарының орналасу схемасы орнатылады.
Өзіне өзі қызмет көрсете алмайтын және арнаулы жүрiп-тұру құралдарынсыз (кресло-арбалар) жүріп-тұра алмайтын бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мүмкіндік болған жағдайда жатақхана ғимараттарының бірінші қабаттарында тұрады.
Жатын орындары ауыстырылмайды және перделенбейді.
Кереуетті жинау үлгісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген.
Түнгі ауысымдағы жұмыстан кейін демалып жатқандар мен төсек тартып жатқан ауруы бойынша босатылғандардан басқа сотталғандарға күн тәртіптемесімен ұйықтауға бөлінбеген уақытта жатын орындарын пайдалануға жол берілмейді.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: