Введите номер документа
Прайс-лист

Сот талқылауындағы тараптардың құқықтары менміндеттері

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Сот талқылауындағы тараптардың құқықтары менміндеттері

Документ входит в комплект(ы):

СтройМастер, Юрист-VIP

12.08.2022

Сот талқылауындағы тараптардың құқықтары менміндеттері

 

Көкшетау қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маманы-сот отырысының хатшысы Мұқанова Динара Х.

 

Әрбір адамның және азаматтың құқықтарының заң алдында тең болуы Қазақстар Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген.

Адам құқықтары ол өз ойын, мақсатын, мүддесін заң аясында жүзеге асыру мүмкіндігі. Жалпы адам құқықтары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтарға адам тіршілігінен туындайтын құқықтар кіреді. Яғни, адамның еркін өмір сүруі, оның бостандығына қол сұғылмауы т.б. Ал әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтар. Яғни білім алу, еңбек ету, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, еркін жүріп-тұру т.б.

Іске қатысатын адамдардың құқықтары бар, оның ішінде іс материалдарымен танысуға, олардан үзінді көшірмелер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелерді табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға, іске қатысатын басқа да тұлғаларға, куәларға, сарапшылар мен мамандарға сұрақтар қоюға, өтінішхаттар, оның ішінде талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану туралы, дәлелдемелерді қамтамасыз ету бойынша, қосымша дәлелдемелерді талап ету туралы, татуластыру рәсімдерін қолдану туралы өтінішхаттар беруге және т.б. әрекеттер жасалынады.

Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасында берілген басқа да процестік құқықтарды пайдалануға құқығы бар. Олар басқа адамдардың құқықтарын теріс пайдаланбай, олардың мүдделерін бұзбай, өздеріне тиесілі барлық процестік құқықтарды адал пайдалануға тиіс және істерді қарау мен шешу мерзімдерін қасақана созып жіберуге жол бермеуге тиіс.

Қылмыстық процеске қатысушылар – қылмыстық қудалауды және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері өкілдік ететін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы, күдікті, қорғалуға құқығы бар куә, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, жекеше айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері және өкілдері.

Тараптар процестік құқықтарын тең иеленеді және олардың бірдей процестік міндеттері болады.

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!