«Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу турал
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 148 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №358 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында, бұйрығымен бекітілген:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1 Осы Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-2-бабының 14) (бұдан әрі - Заң) тармақшасына сәйкес әзірленді және қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін жазылсын.»;
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылды:
1) су жылыту қазаны – атмосфералықтан жоғары қысымдағы және жылу тасымалдаушы ретінде құрылғының өзінен тыс пайдаланылатын суды жылытуға арналған құрылғы;
2) бу қазаны – құрылғының өзінен тыс пайдаланылатын атмосфералықтан жоғары қысыммен буды алуға арналған құрылғы;
3) энергия технологиялық қазан – оттығында технологиялық материалдарды қайта өңдеу жүзеге асырылатын бу немесе су жылыту қазаны;
4) буды қыздырғыш – бу температурасын қазандағы қысымға сәйкес келетін қанығу температурасынан жоғары жоғарылатуға арналған құрылғы;