«Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №140 қаулысына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 92 Қаулысы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 25 тамыздағы № 270 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі №140 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2235 болып тіркелген, 2014 жылдың 14 маусымында №87-88 (17943-17944) «Ақ жол» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
1 тармақ келесі мазмұндағы редакцияда жазылсын:
«1. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жамбыл облысының аумағында Қазақстан Республикасының энергетика, жылу энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарының салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.».
16 тармақ келісі абзацтармен толықтырылсын: