«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 955 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 380 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 955 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратының регламентінде:
81-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
- орталық мемлекеттік органның бірінші басшысының, оның орынбасарларының немесе құрылымдық бөлініс басшысының қолы;
82-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Құжаттың көлемі бір парақтан көп болған жағдайда қол қоятын адамның лауазымы, екінші және кейінгі парақта толық жазылады: мысалы - «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары» немесе «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.»;
90-тармақта:
төртінші абзац алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын: