Введите номер документа
Прайс-лист

«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 7 бұйрығы

Информация о документе
Датапонедельник, 26 июня 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 31 августа 2023
Дата последнего измененияпонедельник, 26 июня 2023

«Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 7 бұйрығы

 

1. «Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 4-1, 4-2, 4-3, 4-4 және 4-5-тармақтармен толықтырылсын:

«4-1. Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау шеңберінде негізгі қуат анықталған жағдайда, монополияға қарсы орган өзінің интернет-ресурсында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша қорытындыны (бұдан әрі - қорытынды) және негізгі қуат иелерінің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) орналастырады.

Тізбе тауар нарығының, нарық субъектісінің, негізгі қуат иеленушінің толық атауын қамтиды.

4-2. Қорытынды мен тізбе орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде монополияға қарсы орган нарық субъектісіне оны негізгі қуаттың иесі деп тану туралы жазбаша хабарлама жібереді.

4-3. Негізгі қуат иесі хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткен соң өзінің қызметін осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіреді.

4-4. Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, негізгі қуат иесі осы Қағидалардың 4-3-тармағында көрсетілген мерзімді ұзарту туралы дәлелді өтінішпен монополияға қарсы органға жүгінуге құқылы.

4-5. Мерзімді ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді монополияға қарсы орган дәлелді өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдайды.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом