«Білім беру ұйымдарында санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42, 2022 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 21 қаңтардағы № 5 Қаулысы
(2022.10.02. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2022 жылғы 14 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және 104-бабының 1-тармағына және 7-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м. а. 2022.10.02. № 8 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м. а. 2022.10.02. № 8 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысына (бұдан әрі – ҚР БМСД-ның № 42 қаулысы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) ҚР БМСД-ның № 42 қаулысына 4-қосымшада 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
| № | Объектілер/салалар | Қызыл аймақ | Сары аймақ | Жасыл аймақ |
| 11. | 6000 ш.м.дейінгіні қоса алғанда сауда алаңы бар сауда (азық-түлік) желілері | + | + | + |
»;
2) ҚР БМСД-ның № 42 қаулысына 4-қосымшада 12, 13, 15 және 34-жолдар алынып тасталсын.
4. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушының 2022.27.01. № 7 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Е. Қиясов |