«Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 239 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық құқықтық жүйесінде жарияланған,) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі мыналарды:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес етті бағыттағы ірі қара малды;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қойларды;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қойларды;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес құйрықты қойларды;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаракөл қойларды;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес шошқаларды;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жергілікті және зауыттық жылқыларды;