«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 23 мамырдағы № 322 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі деген 1-бөлімде:
мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтарымен толықтырылсын:
«11-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Жаңасемей ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.
11-2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Мақаншы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы.»;
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын: