Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ YКІМЕТІНІҢ 2002 ЖЫЛҒЫ 21 ТАМ...

Информация о документе
Датавторник, 18 октября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 18 октября 2005

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 және 2003 жылғы
30 желтоқсандағы № 1355 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қазандағы № 1044 Қаулысы

 

Осы редакция 2023 жылғы 4 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Қазақстан Республикасының радиожиiлiк спектрiн пайдаланудың кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 21 тамыздағы № 932 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 28, 311-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру ережесiнде:

3-тармақта:

3) тармақшадағы «теледидар және дыбыстық (радио хабарларын тарату) бағдарламаларды трансляциялау жөніндегі қызметтер көрсетуге арналған» деген сөздер «теледидар және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке берiлген» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

«8) «Ғарыштық байланыс және радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк үйлесiмдiлігі республикалық орталығы» акционерлік қоғамы беретiн радиоэлектронды құралдардың азаматтық мақсаттағы қолданыстағы және пайдалану үшiн жоспарланатын радиоэлектронды құралдармен электр магниттiк үйлесiмділігі сараптамасының қорытындысы»;

4-тармақта:

бiрiншi абзацтағы «және техникалық қорытынды бередi» деген сөздер алынып тасталсын;

екiншi абзацтағы «техникалық қорытындысын дайындаумен қоса» деген сөздер алынып тасталсын;

бесiншi абзацтағы «осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген техникалық қорытындымен бірге» деген сөздер алынып тасталсын, «Радиожиілікті» деген сөздiң алдынан «Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген» деген сөздермен толықтырылсын;

5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом