Введите номер документа
Прайс-лист

Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығына 1-қосымша) (2024.14.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (2025.24.05. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 29 июня 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 1 июля 2023
Дата последнего изменениясуббота, 24 мая 2025

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

орынбасары - Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

2023 жылғы 29 маусымдағы

№ 263 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы

әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты

(2025.24.05. берілген өзгерістермен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі - Әлеуметтік кодекс) 12-бабы 5) тармақшасының бесінші абзацына сәйкес әзірленді.

2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі - стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі - балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі - ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі - он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі - мүгедектігі бар адамдар);

5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі - қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.

Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.

 

 

2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2025.06.03. № 72 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом