Осы редакция 2016 жылғы 21 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 11 тамыздағы
№ 205 қаулысымен бекітілген
«Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет аудандардың және облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11374 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде (бұдан әрі - Стандарт) көрсетіледі.
2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
1) көрсетілетін қызметті беруші, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі - әкімдер);
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, қағаз жеткізгіште азаматтық хал актісін тіркеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік).
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы немесе тегін жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.