«Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 386 НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 79/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің және «электрондық үкіметтің» электрондық поштасының бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 386 НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21436 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-1-бабының 17-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің (бұдан әрі – ИҚБШ) жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің меншік иелері мен иеленушілерінің жергілікті, ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін Интернетке қосуды байланыс операторлары ИҚБШ арқылы жүзеге асырады.