Ең төмен резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 2 шілдедегі № 118 Қаулысы
Осы редакция 2025 жылғы 25 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және банк секторының өтімділігін және ақша нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі - банк):
1) банктің ұлттық валютадағы қысқа мерзімді міндеттемелері үшін 2,0 (екі бүтін оннан нөл) пайыз;
2) банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз;
3) банктің шетел валютасындағы қысқа мерзімді міндеттемелері үшін 3,0 (үш бүтін оннан нөл) пайыз;
4) банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді міндеттемелері үшін 1,0 (бір бүтін оннан нөл) пайыз мөлшерінде ең төмен резервтік талаптардың нормативтері белгіленсін.
2. Соттың банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы заңды күшіне енген шешімі бар банктерге соттың қайта құрылымдауды тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін ең төмен резервтік талаптардың нормативтері банктің барлық міндеттемелері үшін 0,0 (нөл бүтін оннан нөл) пайыз мөлшерінде белгіленсін.