«Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 қазандағы № 451 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26675 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
6-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымы-мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шарттық негізде қалыптастыруды және сақтауды жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
10-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіптің, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын бақылау (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген).»;
19-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: