«Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 131 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 518 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24624 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аяқ киім тауарларын таңбалау мен қадағалау қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Аяқ киім тауарларын айналымға енгізу оларға сәйкестендіру құралдарын енгізу және аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау, олардың айналымы және Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымнан шығару туралы мәліметтерді ТТҚ АЖ-ға беру арқылы жүзеге асырылады.
Сәйкестендіру құралдарымен таңбаланбаған аяқ киім тауарлары қалдықтарының айналымына және айналымнан шығаруға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін (сатылатын) аяқ киім тауарларының қалдықтарын таңбалау 2024 жылғы 1 ақпанға дейін жүзеге асырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Өндірушілер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген аяқ киім тауарларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды тауарды жаңа меншік иесіне немесе өзге тұлғаға бастапқы өтеулі немесе өтеусіз бергенге дейін жүзеге асырады.