«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2025 жылғы 10 ақпандағы № 40 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларда:
15-тармақта:
21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«21) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі бөлімдердің штат кестесін және құрылымын әзірлеуге қатысу;»;
мынадай редакциядағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:
«21-1) ұлттық санақтарға дайындық және оны жүргізу жөніндегі бөлімнің ережесін және осы бөлімнің жұмыскерлерінің үлгілік лауазымдық нұсқаулықтарын бекіту;»;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: