Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 498 Қаулысы

Информация о документе
Датавторник, 27 июня 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 13 июня 2023
Дата последнего изменениявторник, 27 июня 2023

 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 498 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде:

15-тармақта:

67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«67) ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін айқындау;»;

мынадай мазмұндағы 161-1) тармақшамен толықтырылсын:

«161-1) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындау;»;

415) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«415) тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануы саласындағы үйлестіруші органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша тауарларды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау;»;

502) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«502) одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз тауарларды жою нәтижесінде түзілген қалдықтарды тану тәртібін айқындау;»;

591) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«591) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу;»;

608) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«608) мемлекеттік сатып алу туралы және квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом