«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 15 бұйрығы
ҚР Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 мамырдағы № 138 бұйрығымен күші жойылды
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда (3 - қосымша):
39-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: