ҚР Білім және ғылым министрінің 2019.25.06. № 282 бұйрығымен 2-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 17 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 165 бұйрығымен күші жойылды
Орталықтар ұсынатын білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы
әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Орталықтар ұсынатын білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Осы Стандарт тұрақты немесе уақытша (күндізгі) болуға арналған орталықтарда (бұдан әрі - орталықтар):
1) жетім балаларға;
2) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
3) қадағалаусыз және панасыз қалған балаларға;
4) девиантты мінез-құлықты балаларға (оның ішінде қылмыстық істері ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылған балалар, жыл ішінде екі және одан да көп рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған балалар);
5) арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін балаларға;
6) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікке ұшыраған балаларға (оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар, жыныстық тиіспеушілікке байланысты қылмыстың құрбаны болған балалар);
7) қалыптасқан жағдайлар нәтижесінде тіршілік әрекеті бұзылған және осы жағдайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасына, шарттары мен көлеміне қойылатын талаптарды белгілейді.
Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп көрсетілетін қызметті алушылар деп аталады.
3. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге:
1) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары;