ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
3-қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.19.02. № 121 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу
қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану
қағидалары
(2020.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2019.19.02. № 121 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2020.09.10. № 983 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағида) 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 4-тармағына және 55-бабына сәйкес әзірленген және Қаржы мониторингі органдары экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану тәртібін белгілейді.
ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Міндеттерін үлгілі атқарғаны және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлеріне, Заңның 55-бабында көзделген көтермелеуден басқа, көтермелеудің мына түрлері қолданылады:
1) атқарып отырған штаттық лауазымы бойынша көзделген біліктілік сыныбынан бiр саты жоғары тұрған кезекті біліктілік сыныбын белгілеу;
2) кезектен тыс біліктілік сыныбын белгілеу;
3) бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу.