Введите номер документа
Прайс-лист

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі№ 274 бұйрығына 2-қосымша) (2016.15.09. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 20 апреля 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 апреля 2018

ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 294 бұйрығымен күші жойылды

 

ҚР Қаржы министрінің 2016.15.09. № 493 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы 20 сәуірдегі

№ 274 бұйрығына

2-қосымша

 

 

Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану

қағидасы

(2016.15.09. берілген өзгерістермен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді (бұдан әрі - бас қамтамасыз ету) қолдану тәртібін айқындайды.

Осы Қағидаларда уәкілетті лауазымды тұлға деп кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді тіркеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ қамтамасыз ету сомасының есебін жүргізетін аумақтық мемлекеттік кірістер органы бөлімшесінің, кеденнің, кеден бекетінің (бұдан әрі - мемлекеттік кірістер органының бөлімшесі) лауазымды тұлғасы түсініледі.

2. Бас қамтамасыз етуді мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының аумағында сол бір тұлға белгілі бір мерзімде бірнеше кедендік операциялар жасаған кезде қабылдайды.

Бұл ретте, тауарлардың бір партиясына қатысты бас қамтамасыз ету бойынша бірнеше кедендік операцияларды жасауға жол беріледі.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеушінің (бұдан әрі - төлеуші) өтінішінде айқындалған мерзімге мемлекеттік кірістер органдары Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қабылдайды. Бұл ретте, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану мерзімі төлеушінің өтінішінде көрсетілген кезең ішінде туындайтын кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету міндеттемелерді төлеушінің орындау мерзімінен асуы тиіс.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом