«Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 129 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
«14-1) ақпараттандыру объектілерінен алынған табиғи монополия субъектісінің қуатын нақты пайдалану туралы деректер;»;
64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«64. Электр энергиясын ұлттық электр желісі арқылы беру, ұлттық электр желісін пайдалану, электр энергиясын желіге беру және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру саласындағы электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифті есептеу тетігі тұтынушылар – электр энергиясы нарық субъектілері үшін жасалған шарттарға сәйкес қолданылады.
«65. Электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге арналған тариф электр энергиясының экспорты мен импортын жүзеге асыратын,электр энергиясының мемлекетаралық транзитінің көлемі үшін басқа мемлекеттердің ұйымдарының, ұлттық электр желісі бойынша электр энергиясын беруді жүзеге асыратын тұлғалар тобына кіретін ұйымдардың, осы ұйымдар құрамына кіретін объектілер үшін және электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан тыс электр энергиясын сатып алу-сатуды жүзеге асыратын тұтынушылар үшін қолданылады және осы тараудың 1-бөліміне сәйкес тарифті есептеу тәртібіне сәйкес есептеледі.»;
68, 69 және 70-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: