«Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2026 жылғы 26 маусымдағы № 177-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 230 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында танылатын орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 57) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі - Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдік білім беру ұйымдарында, оның ішінде олардың филиалдарында, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханаларда білім алған жеке адамдардың орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттарын тану қағидаларының тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: