ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Қаржы министрінің 2017.27.09. № 582 бұйрығымен 3-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 19 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына
2-қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ қаржы мониторингі органдарының экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдардың санаттары үшін
шекті мәндер
(2019.19.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2019.19.02. № 121 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізудің қағидалары мен шарттары, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер, сондай-ақ қаржы мониторингі экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдардың санаттары үшін шекті мәндер (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 48-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден (бұдан әрі - тестілеу) өткізудің тәртібі мен шарттарын, кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерін, сондай-ақ қаржы мониторингі экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерінің лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндерді айқындайды.