Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы лицензиарды және ақпаратты криптографиялық қорғау саласында екінші санаттағы рұқсат беруге уәкілетті органды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 Қаулысы
(2026.24.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018.29.10. № 691 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2026.11.11. № 1003 Қаулысымен (2026 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Үкіметінің 2018.29.10. № 691 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2026.11.11. № 1003 Қаулысымен (2026 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2018.29.10. № 691 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2026.11.11. № 1003 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) мыналар:
жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, жасау, жөндеу және өткізу;