Введите номер документа
Прайс-лист

«Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 40/501 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 40/48 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 16 сентября 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 20 сентября 2024
Дата последнего измененияпонедельник, 16 сентября 2024

«Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» және «Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 40/501 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 40/48 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Саяси партияларды қаржыландыру ережесінде:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.».

2. «Республикалық референдум өткізу кезінде Қазақстан Республикасы қоғамдық бірлестіктері өкілдерінің, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан байқаушылардың өкілеттіктерін куәландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 26 мамырдағы № 40/501 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28238 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом