«Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 24 маусымдағы № 351/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 67 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10445 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 1-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және нөмірлеу ресурстарын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындайды.»;
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: