Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 «Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 30 наурыздағы № 49 Қаулысы
Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 4 шілдедегі № 137 Қаулысымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 4 қарашадағы № 253 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5240 болып тiркелген) өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың Қағидаларында:
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі - ауылшартауарынөндіруші) - ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;»;
2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) сатып алу интервенциялары - облыс аумағында, бағалар төмендеген кезде, Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмалары шеңберінде мамандандырылған ұйымдардың әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуы жөніндегі іс-шаралар;»;
2-тармақ:
мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) тіркелген баға - өндіруге, сақтауға, табиғи кемуге (кебуге), межелі орынға дейін жеткізуге кеткен шығындарды, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының 10 (он) пайызынан аспайтын маржалық табысты ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы;