Осы редакция 2019 жылғы 9 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016.05.03. № 89 Қаулысымен мәтінінде «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық)», «ХҚКО», «Орталық», деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)» сөздерімен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 139 қаулысымен бекітілген
«Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.05.03. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін «Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі көрсетеді (бұдан әрі - Қызмет беруші).
Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер қабылдау және нәтижесін беру:
1) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) «Электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 276 бұйрығымен бекітілген «Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағында қаралған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық түрде беріледі.