Введите номер документа
Прайс-лист

«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 47 бұйрығы (қолданысқа енген жоқ)

Информация о документе
Датапятница, 6 февраля 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 13 апреля 2026

«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 47 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орындаушы ұйымдардың тізбесін орындаушы ұйымдардың жыл сайын ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін мынадай құжаттарды қоса бере отырып Ведомствоға ұсынатын өтініш-хаттарының негізінде Ведомство қалыптастырады:

1) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты;

2) мамандардың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, штат кестесі;

3) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) токсикологиялық бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын жабдық, аспаптар, техника туралы мәліметтердің көшірмелері;

Документ не введен в действие

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами