Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 293 қаулысына 3-қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2015 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 293 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 304 Қаулысымен күші жойылды
Атырау облысы әкімдігінің 2016.18.07. № 156 Қаулысымен барлық мәтін бойынша және 2 және 3-қосымшаларда «ХҚО», «ХҚО-ға», «халыққа қызмет көрсету орталығының» деген сөздер сәйкесінше «Мемлекеттік корпорация», «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздермен өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2016.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Атырау облысы әкімдігінің 2016.18.07. № 156 Қаулысымен 1-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жалпы ережелер
«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Атырау қаласы мен облыс аудандарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті беруші;
3) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: қағаз немесе электрондық түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама.
Атырау облысы әкімдігінің 2016.18.07. № 156 Қаулысымен 2-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібін сипаттау