«Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 11-4/137 бұйрығы
«БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелдіктер асырап алған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде есепке қою және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-2/130 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11240 болып тіркелді, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 53-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 380 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру қағидаларының 41-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;