«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 9 тамыздағы № 287 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1-тармақтың 2)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес міндетті әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) іске асыратын тауарларға (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге) бағалар;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік қамтамасыз ету және зейнетақы саласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) бағаларында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-жолмен толықтырылсын:
«