Алматы облысы әкімдігінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 323 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 119 Қаулысымен күші жойылды
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы
шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақысыз негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 тіркелген) бекітілген «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру облыстың жергілікті атқарушы органының кеңсесі және «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз/ электронды.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз/ электронды.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық
бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау