ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019.18.03. № 138 бұйрығымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 619 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен күші жойылды
«Жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2019.18.03. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - электрондық түрде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жекелеген тауарлар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы