«Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2024 жылғы 15 мамырдағы № 159 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32300 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларында:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Комиссияның отырысын оның төрағасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге дизель отынының бөлінген көлемі бар мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекіту графигін (бұдан әрі - бекіту графигі), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынын өткізуге ұсынылатын бағаны (ұсынылатын бағаның/жеткізу шарттарының өзгеруі туралы) бекіту туралы хаттамасын алған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шақырады.
10. Комиссияның әрбір отырысы барысында Комиссия отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізіледі. Аудио-, бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркелген комиссия отырысының материалдары ЖАО-ның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.»;