«Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 248 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 2 шілдедегі № 339 бұйрығымен күшi жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 82-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
199-тармақ мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру есебінен іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шартта орындаушы Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындысын алғаннан кейін түпкілікті төлемді жүзеге асыру міндетті шартының болуы.»;
309-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«309. Келісім жасасу кезіндегі негізгі сәттер:
1) Келісім жасасу кезінде мақсаттарды, міндеттерді, тікелей және соңғы нәтижелерді ескерген жөн, онда:
«Мақсаттары» деген 2.2-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес түпкілікті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған мақсаттары көрсетіледі;
«Міндеттері» деген 2.3-тармақта мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына сәйкес мақсатқа қол жеткізуге бағытталған міндеттері көрсетіледі;