Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 11 қазандағы № 1167 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 11 октября 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 1 ноября 2024
Дата последнего измененияпятница, 11 октября 2024

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 11 қазандағы № 1167 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 453 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15808 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) Тізілімге енгізгеннен кейін Басқарма осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 5 жыл мерзімге Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі - Куәлік) береді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) қайта тіркеледі.

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) реконструкциялау, қайта жоспарлау және (немесе) қайта жабдықтау нәтижесінде оның техникалық сипаттамасын өзгерту әуеайлақты (тікұшақ айлағын) тіркеу рәсіміне ұқсас Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 24 қыркүйектегі № 761қбпү бұйрығымен бекітілген Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының), автомобиль жолдарының әуеайлақтық учаскелерінің пайдалануға жарамдылығы нормаларының талаптарына және Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлақтарына қойылатын тактикалық-техникалық талаптарға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19521 болып тіркелген) (бұдан әрі - ӘӘЖН) сәйкес бес жылдық мерзімге қарамастан, оны тіркеу үшін негіз болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом