«Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 15 мамырдағы № 150 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32983 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну қағидаларын бекіту туралы.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну қағидалары.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 11-бабының 9-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелде тұратын этникалық қазақтар үшін «Ата жолы» картасын ұсыну тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады.»;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: